Regulations
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы
үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне,
тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге
нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады.
Ескерту.
1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N
320 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi
балалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерi
туралы
заңдары
1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және
жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн,
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы
үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа
реттерде тiкелей қолданылады.
Ескерту.
2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N
320 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, жеке адамның еркiн дамуы,
тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар
ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау
көрсету принциптерiне негiзделедi.
2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен
балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары
мен жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай
мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс:
1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi,
тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың
дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар
жасау;
2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн
қамтамасыз ету;
3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық
шаралар жүргiзу;
4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын
сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс
таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Ескерту.
3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):
1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе
жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;
2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
- ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз
кеткендеп
танылуына, олар
қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз(iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының
бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының
балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан
жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз
балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы
болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе
ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.
Ескерту. 4-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру
және
тәрбиелену құқығы
1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында
тұруға және тәрбиеленуге құқылы.
2. Тәрбиеленушiнiң:
1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң
құрметтелуiне;
2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және
онымен бiрге тұруға құқығы бар.
3) алып
тасталды - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР
2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу
кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды
мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында
сөзiн тыңдатуға құқылы.
Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл
оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi.
Тәрбиеленушiнiң пiкiрi:
1) тәрбиешi-ана бiлiм беру мекемесiн және оқыту
нысанын таңдаған кезде;
2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен бiлiм
беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде;
3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына
қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде;
4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын
қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан
жағдайда;
5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын
шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда
ескерiледi.
7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғауға құқығы
1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғауға құқығы бар.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор
және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де
мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар
ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан
қорғалуға құқығы бар.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi
бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны
бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету
жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз
құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн -
сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер
төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм
болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты
орналасқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай
мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы
тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар
қолдануға мiндеттi.
Ескерту.
7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N
320 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы
1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да
меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның
iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен
айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен
айқындалады.
2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа
адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртiбiмен және басқа да заңды
негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында
болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды.
3. Мемлекеттiк тұрғын houseқорынан алынған тұрғын
houseтәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады.
4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында
болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарынасәйкес мемлекеттiк тұрғын houseқорынан тұрғын үй
алуға құқылы.
Ескерту. 8-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы
Тәрбиеленушiнiң:
1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртiбiмен және
басқа заңды негiзде алған мүлiкке;
2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған
табыстарға;
3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден
алынған табыстарға;
4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де
қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.
10-бап. Тәрбиеленушiнiң әлеуметтiк төлемдерге құқығы
1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік
төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы
бар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер,
сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат
тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына
аударылуға тиіс.
Балалар ауылдарының әкімшілігі мен
тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік
төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы
жоқ.
Ескерту. 10-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. ОТБАСЫ YЛГIСIНДЕГI БАЛАЛАР АУЫЛЫ (БАЛАЛАР АУЫЛЫ)
11-бап. Балалар ауылындағы отбасы
1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан
туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге,
оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен
және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана,
тәрбиеленушілер).
2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және
тәрбиелеудi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппенконкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана
отбасында жүзеге асырады.
3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженiҚазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 11-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi
1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн
коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды
тұлға.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола
алады.
2. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады,
оның ең аз көлемiн, онда орналасқан пәтер үлгiсiндегi тұрғын үй-жайларды,
әкiмшiлiк үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй
іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылықты қоса, Қазақстан Республикасының
Yкiметi белгiлейдi.
3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге
дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше
отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жиырма үш жасқа дейiнгi балалар
үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
мектеп-интернаттардың түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға
арналған жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады.
4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа
қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда
орналасады.
Ескерту.
12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N
13(2005.01.01 бастап
қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару
1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның
Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.
2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi
қызметiне: V011629
1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты
жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын
қамтамасыз ету;
2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды
бақылау;
3) балалар ауылының инфрақұрылымын
жетiлдiру;
4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты
материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;
5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi
директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады.
3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту.
13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N
13(2005.01.01 бастап
қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар
1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта
(техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрMayтын, өзінің кәмелетке
толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот
арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды;
3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс
орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi;
4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер
өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған
болса;
5) сотталғандығы бар адамдарды;
6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу
жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыра алMayтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана
бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болMayтын аурулары тiзбесiнҚазақстан Республикасының Yкiметi
белгiлейдi.
2. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органтәрбиешi-аналардың бiлiктiлiк
санаттарын әзiрлейдi
және белгiлейдi.
3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың
мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы
органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы
мүмкін.
Ескерту.
14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N
13(2005.01.01 бастап
қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу
1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң
қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана
жүзеге асырады.
2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген
кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртiбiмен
немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн
анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүліктi сақтаудың
тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге
тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген тұлғалардан
оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары).
3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың
басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi
Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар
мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн.
4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына
салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар
ауылының әкімшілігінде сақталады.
Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың
көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.
Ескерту. 15-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң
тәртiбi
1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен
қамтамасыз ету тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі мен қорғаншы және
қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге
асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi
шартты бiлiм
беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және
қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады.
Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және
тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған
балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келiсiмiмен берiлуi мүмкiн.
Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың
мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi
ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз
етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс.
3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа
да себептермен бiрге тәрбиеленуге болMayтын жағдайларды қоспағанда, бiр
отбасына берiлуге тиiс.
4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап
қорғаншы және қамқоршы органдар балалар ауылының әкімшілігіне мынадай
құжаттар тапсырады:
1) тууы туралы куәлiк;
2) денсаулығы туралы анықтама және баланың
сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме;
3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы
туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда);
4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар
үшін);
5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс
болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi,
ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының
жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын
басқа да құжаттар);
6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар
екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;
7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның
сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;
8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген
тұрғын houseалаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және әділет органдарының бала мен
оның ата-анасының жылжыMayтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;
9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң
көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк
төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi
туралы құжаттардың көшірмелері;
11) өзге де құжаттар.
Ескерту.
16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N
320 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2011.12.26 N
517-IV (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру
туралы шарт
1. Балаларды беру туралы шартта:
1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену,
білім алу және бағып-күтілу жағдайлары;
2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы
әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері;
3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және
қамқоршы органдардың міндеттері;
4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың
негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.
Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз
жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру
туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу:
1) дәлелдi себептер болған жағдайда
(сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн
орындауға мүмкiндiгi болMayтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың
бастамашылығы бойынша;
2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi
орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен
қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және
балаларды бағып-кү