Нормативтік құжаттар - Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "Кеңес орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/ ru Нормативтік құжаттар - Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "Кеңес орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Нормативтік құжаттар http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/6-normativtk-zhattar.html http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/6-normativtk-zhattar.html Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары

0

      1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 
      2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады. 
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi
             балалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерi
             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
      2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа реттерде тiкелей қолданылады. 
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

      1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, жеке адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. 
      2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс: 
      1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау; 
      2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
      3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;
      4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
      5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):
      1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;
      2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе 
ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткендеп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануынаiс-әрекетке қабiлетсiз(iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.
      
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру
             және тәрбиелену құқығы

      1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы.
      2. Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
      2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар.
      3) 
алып тасталды - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

      1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы. 
      2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы. 
      Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi. 
      Тәрбиеленушiнiң пiкiрi: 
      1) тәрбиешi-ана бiлiм беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде; 
      2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде; 
      3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде; 
      4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда; 
      5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi.

      7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
             қорғауға құқығы

      1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар. 
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар. 
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы. 
      3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы

      1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртiбiмен және басқа да заңды негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады.
      4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй 
заңдарынасәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.
      
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы

      Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртiбiмен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке;
      2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға;
      3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға;
      4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.      

      10-бап. Тәрбиеленушiнiң әлеуметтiк төлемдерге құқығы

      1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына аударылуға тиіс.
      Балалар ауылдарының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
      
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ОТБАСЫ YЛГIСIНДЕГI БАЛАЛАР АУЫЛЫ (БАЛАЛАР АУЫЛЫ)

      11-бап. Балалар ауылындағы отбасы

      1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер). 
      2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi  бiлiм беру саласындағы 
уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппенконкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады. 
      3. Балалар ауылындағы отбасы туралы 
ереженiҚазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi

      1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға.
      Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады. 
      2. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады, оның ең аз көлемiн, онда орналасқан пәтер үлгiсiндегi тұрғын үй-жайларды, әкiмшiлiк үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылықты қоса, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жиырма үш жасқа дейiнгi балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға арналған жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады. 
      4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда орналасады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13(2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару

      1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: 
V011629
      1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету; 
      2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;
      3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру; 
      4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу;
      5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады. 
      3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы 
ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13(2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар

      1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды; 
      2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды; 
      3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi; 
      4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса; 
      5) сотталғандығы бар адамдарды; 
      6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулары 
тiзбесiнҚазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      2. Бiлiм беру саласындағы 
уәкiлеттi органтәрбиешi-аналардың бiлiктiлiк санаттарын әзiрлейдi және белгiлейдi.
      3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы мүмкін.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13(2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу

      1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана жүзеге асырады. 
      2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртiбiмен немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүліктi сақтаудың тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген тұлғалардан оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары). 
      3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн. 
      4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар ауылының әкімшілігінде сақталады.
      Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.
      
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң
              тәртiбi

      1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз ету тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi шартты бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады. 
      Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келiсiмiмен берiлуi мүмкiн. 
      Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс. 
      3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс. 
      4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап қорғаншы және қамқоршы органдар балалар ауылының әкімшілігіне мынадай құжаттар тапсырады: 
      1) тууы туралы куәлiк; 
      2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме; 
      3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда); 
      4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін); 
      5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар); 
      6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;
      7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;
      8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және әділет органдарының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;
      9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
      10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері;
      11) өзге де құжаттар. 
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру
              туралы шарт

      1. Балаларды беру туралы шартта:
      1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену, білім алу және бағып-күтілу жағдайлары;
      2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері;
      3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;
      4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.
      Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi. 
      2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу: 
      1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша; 
      2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-кү]]> Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары

      2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-кү]]> admin Sat, 07 Oct 2017 08:15:10 +0600 Нормативтік құжаттар http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/5-normativtk-zhattar.html http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/5-normativtk-zhattar.html Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы

0

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 
5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;
      2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері;
      3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – бақылау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
      5) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
      7) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау
              туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағындакөзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді.
      2. Осы Заңда:
      1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі;
      2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі;
      3) тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
      4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
      3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші:
      1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын 
бақылауға;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;
      3) 
кеден ісі саласындағымемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      4. Осы Заңның күші, осы Заңның 
8-бабынқоспағанда, мынадай:
      1) прокуратура жүзеге асыратын 
жоғары қадағалау;
      2) қылмыстық іс бойынша 
сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау;
      3) сот әділдігі;
      4) 
жедел-іздестіру қызметі;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы 
заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының 
заңдарындабелгіленеді.
      
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен
              міндеттері

      1. Бақылау және қадағалау:
      1) заңдылық;
      2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
      3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
      4) жариялылық;
      5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
      6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
      7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
      8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
      9) қажеттілік пен жеткіліктілік;
      10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
      11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
      12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;
      13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
      14) тәуелсіздік;
      15) объективтілік және турашылдық;
      16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Мемлекеттiк органдарға, осы Заңның 13-бабының 
3-тармағында14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі 
уәкілетті органменкеліседі.
      5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 
қосымшасындакөрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.

      5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын
              талаптар

      Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленеді.

      6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және
              қадағалауды жүзеге асыруы кезіндегі жеке
              кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдіктері

      Құқық қорғау органдарыжеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.

      7-бап. Бақылау

      1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.
      2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.
      Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.
      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының 
Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
      3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 
5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
      Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 
10-бабындажәне 2-тарауындаайқындалады.
      Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

      8-бап. Ішкі бақылау

      1. Ішкі бақылау:
      1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
      2. Ішкі бақылау:
      1) қажетті ақпаратты талап ету;
      2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау;
      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
      4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;
      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
      3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:
      1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
      2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
      3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі.
      4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
      Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты:
      1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;
      2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;
      3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
      4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды.
      Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.
      Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
      5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
      6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді.
      Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.

      9-бап. Қадағалау

      1. Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады.
      Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.
      2. Қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының 
Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.

      10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

      1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
      1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;
      2) егер Қазақстан Республикасының 
Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі 
уәкілетті органдатіркеу талап етілмейді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (
анықтаманұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкін.
      Осы тармақтың екінші бөлігі Қазақстан Республикасының 
Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлеріне қолданылмайды.
      3. Бақылау және қадағалау органдары:
      Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасындабелгіленген;
      егер объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша оған барғанға дейін бір тәулік бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарға міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алумен (өтумен) байланысты болған;
      құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуіне инспекция жүргізу;
      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау;
      ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы 
қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруы;
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті

      Бақылау және қадағалау органдары:
      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
      2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
      4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
      7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

      12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері

      1. Тексерілетін субъектіні тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
      1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
      3) осы Заңның 
5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.
      2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
      3. Осы Заңның 
26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
      1) Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
      2) кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде 
өсімдіктер карантинісанитариялық-карантиндікветеринариялық бақылаусаласында бақылау және қадағалау жүргізуге;
      3) жол жүрісі қауіпсіздігінің 
талаптарынсақтауға;
      4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
      5) Қазақстан Республикасының 
ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
      6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
      7) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
      9) карантиндік аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
      10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және 
авиация қауіпсіздігіталаптарын сақтауына;
      11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шең]]> Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы

      11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шең]]> admin Sat, 07 Oct 2017 08:13:27 +0600 Нормативтік құжаттар http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/4-normativtk-zhattar.html http://kenes-moiynkum.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/4-normativtk-zhattar.html Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары

0

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
      2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
      3) мемлекеттiк жастар саясаты- мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;
      4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар  тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
      5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
      6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
      7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар 
              саясаты туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, 
              мiндеттерi және принциптері

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
      1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
      3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты: 
      1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;
      2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
      3) тән саулығын сақтау және нығайту;
      4) адамгершілік және рухани даму;
      5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
      6) азаматтықты қалыптастыру;
      7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
      8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;
      9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.

      4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының 
              мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 
              құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi;
      2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) уәкiлеттi органның функцияларын, өкiлеттiгi мен құрылымын 
бекiтедi;
      4) мемлекеттiк жастар саясаты саласында нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды;
      5) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын 
құрады;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      2. 
Уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктi атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестiреді;

      4) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi;
      5) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      6) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметiнің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органының қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзeге асырады;
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегінде: 
      1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      4. Жергілiкті өкілді атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
      1) 

      2) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      5. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде: 
      1) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етедi;

      3) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарын құрады және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар 
саясатының негізгі бағыттары

      5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:
      1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
      2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
      3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
      4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;
      5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
      8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
      11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету;
      12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
      14) жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
      15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. 
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары

      Қазақстан Республикасында жастардың:
      1) 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне;
      2) Қазақстан Республикасының 
заңдарынасәйкес мемлекеттiк оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
      3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
      4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;
      6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға;
      7) Қазақстан Республикасының 
заңдарынасәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек алуға;
      8) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;
      9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби бiлiм ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар;
      10) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi. 
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      7-бап. Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары

      Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.

      8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы 
              кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын 
              шешуге жәрдемдесу

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:
      1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;

      3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
      4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы 
заңдарынасәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының жастарына: 
      1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге;
      2) мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
      3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi.
      3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi 
              мемлекеттік қолдау

      1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледi.
      2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
      1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар;
      2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары;
      3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
      4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау: 
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi;
      2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту;
      3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;

      5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiмдер жасасу мақсатында мемлекеттiк органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
      5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi. 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау

      1. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық және басқа да қызметтер, оның ішінде денсаулық сақтауды, балаларды тәрбиелеу мен дамытуды, жастарды әлеуметтік қорғауды, бейімдеу мен оңалтуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жас отбасыларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттiк қолдау: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру;
      2) оқу орнының әкiмшiлігімен келiсiм бойынша білім алушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру;
      3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту;
      4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту;
      5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту;
      6) Қазақстан Республикасының 
заңдарындакөзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында оқу кезеңiнде бiлiм беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру;
      7) мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдау

      1. Қоғамның зияткерлiк және шығармашылық әлеуетiн сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкiлдерiн қолдау және олардың жемiстi қызметi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегі шаралар жүйесi жүзеге асырылады.
      2. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары көрсетедi және ол:
      1) Қазақстан Республикасының 
заңдарындабелгiленген тәртiппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгiлеу, білім беру гранттарын беру;
      2) ғылымның, мәдениет пен өнердiң аса көрнектi қайраткерлерiнiң шығармашылық шеберханаларын, мектептерi мен бiрлестiктерiн құруға жәрдемдесу;
      3) орта білім беретін ұйымдарда спорт секциялары мен шығармашылық үйiрмелердiң қызметiн ұйымдастыру;
      4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөнiндегі орталықтарды құру және дамыту;
      5) жастардың шығармашылық жетiстiктерiн анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткiзу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
      6) дарынды және талантты жастардың шетелдердiң бiлiм беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негiзде қол жеткiзуiн 
қамтамасыз ету;
      7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргiзу үшiн ]]> Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары

      7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргiзу үшiн ]]> admin Sat, 07 Oct 2017 08:11:42 +0600